{metadescription}
Алматыда полицей педофилді ұстау үшін 13 қабаттан секіріп кетті

Алматыда полицей педофилді ұстау үшін 13 қабаттан секіріп кетті

36 жастағы полиция қызметкері Бақытжан Бакиров педофилді ұстамақ болып 13 қабаттан секіріп кетті.

Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады. Бакиров өмірін қатерге тіге отырып қарақшылық шабуыл жасап, кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған 31 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыс 11 шілде күні жеке меншік үйлер орналасқан ауданда болған. Белгісіз адам үйлердің біріне кірген кезде онда төрт жасар бала мен 15 жастағы оның әпкесі болған. Полицияның мәліметінше, күдікті ол үйден 17 мың долларды қолды етіп, қыз баланы зорлаған. Көп ұзамай полиция қаскөйдің қайда жасырынғанын анықтап, оны ұстау жоспарына кіріседі. Осылайша полиция майоры Бақытжан Бакиров сантехник ретінде пәтерге енеді. 

"Мен және әріптесім Мейір Несіпбай жалданған пәтер иесімен бірге 13-ші қабатқа көтерілдік. Оның қосалқы кілттері болды. Әйел оны шақырып, құбыр ағып жатқанын айтты, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сантехниктер келді деді. Ол дәлізге шықты, мен оған қарай ұмтылдым. Ол бөлмелердің біріне жүгіріп барып, ашық тұрған терезеден секіріп кетті. Бұл секундтарда әдетте ештеңе ойламайсың, ең бастысы - қуып жету. Сондықтан мен оның артынан секірдім", - деді Бәкіров.

Осылайша екеуі де үйдің террасасының үстіне құлаған. 

"Екеуіміз құлаған кезде күдікті орнынан тұрып қашпақ болды. Алайда мен оны көмек келгенше орнынан тапжылтпай ұстап отырдым. Кейін барып аяғым сынғанын білдім", - дейді ол.

Полиция майоры Бақытжан Бәкіров пен оның серіктесі - полиция аға лейтенанты Мейір Несіпбай ішкі істер министрінің бұйрығымен "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталды. Ал қылмысты тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізіледі: 192-баптың төртінші бөлігі ("қарақшылық", 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар) және 120-баптың төртінші бөлігі ("зорлау", 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде