{metadescription}
Дәріханалардан дәрі таппаған Ақтау тұрғындары алаңға жиналды

Дәріханалардан дәрі таппаған Ақтау тұрғындары алаңға жиналды

Ақтауда дәрінің жетіспеушілігіне наразылық танытқан тұрғындар алаңға шықты.

Lada.kz агенттігінің мәліметінше, қала орталығындағы "Ынтымақ" алаңына 20-ға жуық адам жиналған. Олар қалада дәрі-дәрмектің жоқтығын айтып, билік өкілдерінен бұл мәселені шешуді талап еткен. 

"Дәріханаларда ештеңе жоқ. Физерітінді де еш жерде жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Әлішер.

Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев дәрі-дәрмектердің тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Дәріханаларда да бұрынғыдай дүрбелең жоқ. Біз жиналған адамдармен бірінші дәріханаға кірдік те айтылған дәрілерді сұрадық, үшеуінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде