Ғалымдар жер бетінде жаңа мұхиттың пайда болуы мүмкін екенін ескертті
Ғалымдар болашақта жер бетінде жаңа мұхит пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
08:08 20.07.2020
Олардың есептеріне сәйкес, Африканың шығыс бөлігінде бес-он миллион жылдан кейін тектоникалық ыдырау пайда болады және континент екі бөлікке бөлінеді. Негізгі нысан - үш тектоникалық плиталардың түйіскен жерінде орналасқан Эфиопияның Афар аймағында орналасқан аумақ. Олар баяу бір-бірінен алыстап жатыр. Осылайша, 2005 жылы сол жерде жарықшақ пайда болды, оның ұзындығы 56 шақырымға жетті.
"Бұл құрлықтық рифт мұхиттық рифт болып қалыптасуын зерттей алатын жердегі жалғыз орын", — деді Ұлыбританиядағы Лидс университетінің профессоры Кристофер Мур.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жарықшақ көтеріліп жатқан магманың қысымынан пайда болуы мүмкін. Қазір олар GPS арқылы плиталардың қозғалысын қадағалап жатыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!