Алматыда белгісіз пневмониядан қайтыс болғандар арнайы ереже бойынша жерленеді
Алматының бас санитарлық дәрігері COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу туралы жарлыққа өзгерістер енгізді.
10:18 20.07.2020
Енді «анықталмаған пневмониядан» қайтыс болғандар басқаша жерленеді. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған 25 маусымдағы № 43 бұйрығы туралы айтып отырмыз.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілінгендер ошағынан және коронавирус инфекциясы анықталған марқұмдарды жерлеу алгоритмін коронавирустан, коронавирус жұқтырды деген күдігі бар және этиологиясы белгісіз пневмониядан үйінде немесе медициналық ұйымдарда қайтыс болғандарды жерлеу рәсіміне өзгертілсін», - делінген құжатта.
Белгіленген алгоритмге сәйкес, егер адам өлімі COVID-19-дан, әрі коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінсе немесе атипиялық пневмониядан болса, онда қайтыс болған адамның денесі міндетті түрде тиісті процедураларды жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасының патологиялық бюросына жеткізілуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!