{metadescription}
Қазақстандық қыз «Славян базары» конкурсында жүлдеге ие болды

Қазақстандық қыз «Славян базары» конкурсында жүлдеге ие болды

Қазақстандық Жасмин Тілеумбетова «Витебск-2020» және «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық конкурсында екінші жүлдені иеленді.

Витебскіде «Витебск-2020» және «Славян базары» халықаралық балалар музыкалық конкурсының қорытындысын шығарды. Гран-приді белоруссиялық қатысушы Ангелина Ломако еншіледі. Литвадан келген Криступас Кэрулис конкурстың I жүлдесіне ие болды. Екінші жүлдені қазақстандық Жасмин Тілеумбетова және ресейлік Владимир Серков өзара бөлісті.

Молдовалық Богдана-Бьянка Вистерничану және украиндық Анастасия Мартынюк III жүлде лауреаттары атанды. Биылғы жылы «Славян базары» балалар конкурсына 17 елдің өкілдері қатысты. Байқау 18 шілдеде екі бөлімде өткізілді. Бірінші балалар еліміздің композиторы әнін ана тілінде орындады, екінші бөлімде таңдау композициясымен шықты.

Еске салсақ, 2019 жылы «Витебскдегі Славян базары» атты XXVIII Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының Гран-при иегері қазақстандық Әділхан Макин болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде