{metadescription}
Шығыс Қазақстанда нөсер жауыннан кейін үйлерді су басты

Шығыс Қазақстанда нөсер жауыннан кейін үйлерді су басты

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында нөсер жауын салдарынан үйлерді су басты.

19 шілденің кешінде Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылында нөсер жауын болып, салдарынан 10 тұрғын үйді су басты. Ауылдағы су деңгейі шамамен 20 сантиметрді құраған. Су басқаннан кейін үш шаруашылық құрылыстың саман қабырғалары жарым-жартылай бұзылған. Су басқан үйлердің тұрғындары – 20 адам туыстарының үйіне жайғастырылды.

Аудандық өрт сөндіру қызметкерлері суды мотосорғының көмегімен тартып алды. Барлығы 7000-ға жуық текше метр су сорып алынған. Қазіргі кезде үйлерден су кетті. Комиссия келген шығынды анықтау үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде