{metadescription}
Алматыда карантин талабы күшейді
20 шілдеден бастап Алматыда карантин талабы күшейді.
14:05 20.07.2020
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Ол бойынша шаһарда күшейтілген карантин режимі 20 шілде түнгі сағат 00.00-де күшіне енді.
Шектеу шаралары:
- қалааралық автобус тасымалдарын тоқтата тұру;
- 50%-дан аспайтын толтырылатын қала маңындағы автобус маршруттарының жұмысын қамтамасыз ету;
- қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің 50%-дан аспайтын толтырылуымен жұмысын қамтамасыз ету;
- қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде метрополитеннің, сенбі және жексенбі күндері жұмысын толық тоқтата тұру;
- меншік нысанына карамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын жэне адамдар кеп жиналатын баска да ic-шараларды, сондай-ақ отбасыльқ, естелік ic-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алулар т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да ic-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салу;
- қаланың, тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің тұратын объектілерін қоспаганда, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сактай отырып, халыктың (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар жэне т.б.) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындагы туризм объектілері мен ұйымдардың қызметіне рұқсат беру. Керсетілген объектілерді медициналық ұйымдар етіп қайта бейіндеуге жол беріледі;
- көліктің кез келген түрінде ұлттық саябақтардың, танымал туристік және тау нысандарынын; (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, оның ішінде радон көзі) аумағына шығуға тыйым салу. Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) ұлттык саябақтар келушілер үшін жабық. Жаяу серуендеуге тек жұмыс күндері ережелерді сақтай отырып рұқсат етіледі. Өзімен бірге азық-түлікті (сусындардан басқа) алып жүруге, пикниктер жасауға және от жағуға; саябақ аумағында үш адамнан көп топ болуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау, маскалар тағу қажет.
- тамақтану орындары ашық ауада 30 орыннан және жұмыс уақыты 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Шығаруға жэне жеткізуге рұқсат етіледі;
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына:
- жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай), қоғамдық көлікте маскалық тәртіпті және әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- адамдарды шақырумен және шоғырландырумен байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салу (туған күндер, мерейтойлар, той, еске алулар).
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!