{metadescription}
Дәрігерлерге ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды

Дәрігерлерге ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынды

ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ауруханаларда коронавирустан емделіп жатқан науқастардың телефонды пайдалануына қатысты пікір білдірді.

"Менің қаулыма сәйкес, "лас" аймақта жұмыс істейтін дәрігерлердің ұялы телефондарды, сағаттарды, қол әшекейлерін және өзге заттарды пайдалануына тыйым салынды. Себебі, бұл заттар инфекцияның одан әрі таралуына жол беруі мүмкін. Науқастар ұялы телефондарды пайдалана алады, бірақ ауруханада аудио, фото және бейнетүсірілім жасауға болмайды", - деп жазды Есмағамбетова facebook-тегі парақшасында.

Видеолар "медицина қызметкерлеріне қысым жасауқұралы ретінде" қолданылады, деп толықтырды ол.

"Бекітілген хаттамаға сәйкес емделумен келіспейтін науқастар процедураны видеоға түсіру арқылы дәрігерлер мен медбикелерге қысым жасайды", - деп мәлімдеді санитар дәрігер.

Айтуынша, аудио, фото, видео түсірілімге тыйым салу науқастардың туыстарымен және жақындарымен байланыс жасау мүмкіндігіне еш әсер етпейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде