Сарыағашта карантин кезінде отшашу атылып, той жасалған
Карантин талабына бағынбаған Сарыағаш ауданының тұрғыны келін түсіріп, тойында отшашу атқан.
15:17 20.07.2020
Облыстық полиция депантаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жұбайлардың тойы Instagram-ға тараған. Оны Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желіде байқап қалып, той ұйымдастырған тұрғынды анықтаған.
Тәртіп сақшылары мен аудандық жергілікті органдарынан құрылған мобильді топ қызметкерлері оқиға орнына барып, тексерген. Нәтижесінде бейнежазба Сарыағаш қаласында түсірілгені анықталып, той иесіне тиісті шаралар қолданылды.
«Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасына бақылау басқармасының қызметкерлері той өткізген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына елімізде енгізілген карантин талаптарын сақтап, әрбір азаматтың өз өмірі мен денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға шақырады», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!