{metadescription}
Алматы облысында газ таситын көлік жарылып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында газ таситын көлік жарылып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында газ тасымалдайтын көлік қопарылды, бір адам қаза тапты.

Тағы үш адамның өмірлерін полиция құтқарып қалды. 18 шілдеде сағат 20:05-тер шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 548 шақырымында газ тасымалдайтын «ЗИЛ-130» жүк көлігі «Пежо-307» көлігіне соғылған. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды.

Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «ЗИЛ-дің» 38 жастағы жүргізушісы рульді басқара алмай «Пежо-307» автокөлігімен соқтығысқан. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері – полиция аға лейтенанты Максим Шевченко мен полиция лейтенанты Руслан Меделханов болған.

Газ тасымалдайтын көлік екпінімен тағы екі көлікты соққан. Бірінші қарсы бағытта келе жатқан «Мазда-626» маркалы автокөлігі, ал кейін «Рено» маркалы жүк көлігіне тоғылған. Осыдан кейін «ЗИЛ» жол жиегіне шығып, аударылып қалған. Бірнеше минуттан кейін газ тасымалдайтын көлік жарылып, толықтай жанып кеткен.

Жол апатында 48 жастағы «Мазда - 626» жүргізушісі ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Жарылыстан бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін құтқаруға ұмтылған. Олар сдереу жүргізушіні қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған.

Сонымен қатар, полицейлер жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен басқа көліктегілерді құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. «ЗИЛ» жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ, осы ЖКО салдарынан патрульдер де зардап шеккен, олар көптеген жарақат алған. Бірақ, тәртіп сақшылары бұған қарамастан, өз міндетін атқаруды жалғастырған.

Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде