Марат Тәжиннің өтінішімен Чехиядан медициналық жабдықтард келді
Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшісі Марат Тәжиннің өтініші бойынша бірқатар чех кәсіпкерлері Қазақстанға медициналық жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдары мен басқа да медициналық бұйымдарды жіберді.
16:20 20.07.2020
Атап айтқанда, «Sonnenenergie» компаниясының бас директоры Ян Зонненшайн АҚШ-та шығарылған пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылатын бірқатар оттегі конденсаторларын сатып алды. Қазақстанның Чехиядағы Құрметті консулы Карл Долейши ауруханалар мен емханалардың медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс костюмдерін сатып алды.
Сонымен бірге, OMNIPOL корпорациясы да бірқатар медициналық жабдықтарды сатып алды. Чехиядағы Қазақстан Елшісінің ақпараты бойынша осы медициналық құрылғылардың барлығы а.ж. 20 шілдеде жеткізіліп, одан әрі тарату үшін «СК-Фармация» ЖШС-не жолданады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!