Министр Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды
Асқар Жұмағалиев цифрлық даму министрі қызметінен босатылды.
16:13 20.07.2020
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
1996 жылдан - "Жарық" ЖШС директоры.
1998 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі РЧС жоспарлау секторының меңгерушісі .
1999 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Келіктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы.
2000 жылдан - "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы (ТТБ-орталығы)" РМК-да жұмыс істеген.
2001 жылдан - ҚР Көлік және комму-никация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары.
2003 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары,
2005 жылдан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары,
2006 жылдың қаңтарынан - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.
2006 жылдың қазанынан - "Қазақтелеком" АҚ президенті,
2007 жылдан - басқармасының төрағасы.
2010 жылдың наурызынан - ҚР байланыс және ақпарат министрі.
2015 жылдың 6 мамырынан - "ҚазАтомӨнеркәсіптің" төрағасы.
2017 жыл 29 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2018 жылдың 26 желтоқсанынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
2019 жылдың 25 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
2019 жылдың 18 маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!