{metadescription}
Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Бағдат Мусин лауазымды қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болған.

2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарған.

2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ал 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды, бірақ 2018 жылы қызметінен кетті. Мусиннің айтуынша, ол мемлекеттік сектордан бизнес жобаларды әлемдік деңгейде жүзеге асыру мақсатында кеткен. Сонымен қатар, денсаулығына байланысты.

Кейінірек ол BI Group компаниясына жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде