{metadescription}
Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды

Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды

Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылғанын жариялады.

Бұл шешімді Білім министрлігі талапкерлердің өтініштері бойынша қабылдап отыр.

"Талапкерлердің өтініші бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

  • eGov арқылы;
  • жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).

Барлық жоо-лардың тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады. Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде