{metadescription}
Министр елімізде коронавирус жағдайы тұрақталып жатқанын айтты

Министр елімізде коронавирус жағдайы тұрақталып жатқанын айтты

Қазақстанда COVID-19 ауруы мен өлімін тұрақтандыру үрдісі байқалады.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтып берді.

"Соңғы аптада COVID-19 жұқтыру мен өлім-жітім тұрақталуға бет алғаны байқалады. Ауру жұқтыру жағдайы тәулігіне 1 500-1 600 адам деңгейінде",– деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, осы айдың үш аптасы ішінде жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін ұлғайды. Төсек-орын қорының өсімі 19,3 мыңды құрады. Соның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялық төсек-орын ашылды.

Осының арқасында пациенттерге медициналық көмек көрсету қолжетімділігі артты. Министр жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде қол жеткізілген оң нәтижелерге тоқталды.

"Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 проценттен 2,1 процентке азайды. COVID-19 індетінен емделгендер саны 60 процентке жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 процентке төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі 20, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 процентке төмендеді", – деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.