{metadescription}
Бурабай мен Зеренді карантин аяқталғанға дейін жабылады

Бурабай мен Зеренді карантин аяқталғанға дейін жабылады

Ақмола облысының туризм басқармасы 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зерендідегі курорттық аймақтардың жабылатындығы туралы мәлімдеді.

Ведомство хабарламасында облыстың туристік аймақтары 24 шілде 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін жабық болатыныны айтылған. Бұған карантин шараларының күшейтілуі мен демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмен болуы себеп. 

"Туристік аймақтарға кіре берісте периметр бойында бақылау-өткізу пункттері орнатылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі", - деді басқармадағылар.

Бұған дейін келген турситер қонақүйлер мен шипажай-курорттық нысандарда қалады. Демалыстағы адамдар бетперде тағып, қашықтықты сақтауы тиіс екені айтылған. Қонақүйлерге бөлмелерді брондауға өтініш қабылдамау тапсырылды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады. Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақүй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық стансаларының жұмысы тоқтатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде