{metadescription}
Алматыда маска таққан автобус пайда болды

Алматыда маска таққан автобус пайда болды

Көпшілікті таңқалдырған автобустың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

№45 қоғамдық көліктің маска таққан фотосы Instagram желісінде тарады. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын парктің баспасөз қызметі бұл бастамаға ешқандай қаржы жұмсалмағанын мәлімдеді.

«Бұған көп қаражат кеткен жоқ. Идея күтпеген жерден туды. Біз фармацевтикалық компаниядан үлкен көлемдегі масканы көрдік. Олар өз мақсатына дайындаған. Компания өкілдеріне қолқа салып, масканы алдырып, автобусқа тақтық. Бұл көпшілікке маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға үлгі болмақ. Әзірге басқа автобустарда маска бола ма, ол жағы белгісіз», - деді «Алматыэлектротранс» ЖШС.

Қазір маска таққан автобус әлеуметтік желіде танымал нысанға айналды. Көптеген жолаушылар автобус жанында суретке түсіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде