{metadescription}
Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалды

Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Білім мен ғылым министрліктерінде 2 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Бүгін агенттікте бірінші жартыжылдықты қорытындылауға арналған алқа отырысы өтті. Онда агенттік төрағасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға қатысты пікір білдірді.

«Әлемде мемлекеттік басқаруды жеделдету, цифрландыру мәселесі өзекті. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада жеңуге болатынын көрсетті.

Сондықтан біз бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қоюымыз қажет. Осы тұрғыда қазіргі уақытта Цифрлық даму және Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанымызды мәлімдегім келеді», - деді Шпекбаев жарты жылдықтың қорытынды бойынша Агенттіктің алқа отырысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде