{metadescription}
Қазақстанда маска бағасы төмендеді

Қазақстанда маска бағасы төмендеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қорғаныс маскаларының бағасы төмендегені туралы үкімет отырысында мәлім етті.

Ол дәріханалардағы маска бағасына тоқталып, оның әлдеқайда арзандағаны туралы айтып берді. 

"Бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық маска үшін шекті бөлшек сауда бағасы 28 пайызға 118-ден 85 теңгеге дейін төмендетілді", - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар ол қазір жұқпалы аурулар мен уақытша ауруханаларда 1958 вентилятор бар екенін айтты.

"Әкімдіктермен бірге қосымша 4183 құрылғы сатып алынады және 21 мыңнан астам төсек оттегіге қосылады, оттегі концентраторларының есебінен 6237 пункт. Өткізу қабілеті тәулігіне 32 мың сынақтан тұратын 59 мемлекеттік және жеке зертханалар қатысады", - деді Цой үкімет отырысында. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде