{metadescription}
ШҚО-да ұры тонамақ болған үйінде ұйықтап қалған

ШҚО-да ұры тонамақ болған үйінде ұйықтап қалған

Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды. 

Күдікті мас күйінде жеке үйге ұрлыққа түскен. Ол онда ешкім жоқ екенін білген.

«Полиэтилен пакетке 8 мың теңгеге азық-түлік жинап алған ол қылмыс жасау кезінде ұйықтап кеткен. Таңертең үйден ұрлаған заттарымен шыққан бойда ұсталып, Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - деп түсіндірді полициядан.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев аталған факті Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімі, 3-тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тіркелгенін хабарлады. Тәртіп сақшылары істі тергеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде