{metadescription}
Қазақстанда карантинді жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр

Қазақстанда карантинді жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр

Қазақстанда карантин шараларын жеңілдету мәселесі пысықталып жатыр.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім.

«Бізде тұрақты деңгей 1600-1700 адам деңгейінде (күніне тіркелетін науқастар саны) сақталып тұр. Бұл көрсеткіш нашар жағдай емес. Әзірге бірдеңе деп болжау қиын. Алайда біз жағдай тұрақталар деген сенімдеміз. Жалпы біздің бұған дейінгі болжамымыздың пессимистік сипаты болғанын білеміз. Диманика бар. Ары қарайғы ахуал не болар деген сұрақ біз үшін маңызды. Қазір ары қарай не істейміз деген сұрақ төңірегінде жоспар құрып жатырмыз. Карантинді қалай әлсіретеміз, жағдайды ұстап тұру үшін қандай қадамдарды жасау керек – бәрі зерттелуде», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр карантиннің уақытша шара екенін ерекше атап өтті. Ендігі кезекте оны алып тастағаннан кейін қандай шаралардың атқарылатынын анықтап алу қажет.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде