{metadescription}
Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді

Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді

Авиация мамандары бұл жағдайға қатысты пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникация қызметі.

Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақтан шыққан қара түтінді байқауға болады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.

«Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алып, соның нәтижесінде шығарынды пайда болған. Бұл қалыпты жағдай.Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ», - деді Андрей Ким.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде