{metadescription}
Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады

Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады

Алматы облысындағы Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады.

Алматы облысы Кеген ауданының бас санитар дәрігерінің 21 шілдедені қаулысына сай 23 шілде сағат 00:00-ден бастап 2 тамызға дейін "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кіруге тыйым салынған. 

Бұған дейін карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынғаны хабарланған. 

Жаяу серуендеуге және велосипедпен жүруге тек жұмыс күндері, келесі ережелерді сақтай отырып рұқсат етіледі:

- тамақ (сусындардан басқа) әкелуге, ойын-сауық жасауға және от жағуға тыйым салынады;
- саябаққа үш адамнан көп адамдар кіруге тыйым салынады;
- санитарлық және әлеуметтік алыстау стандарттарын сақтаңыз (маскалар киіңіз және адамдар арасындағы қашықтықты сақтаңыз).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде