{metadescription}
Бекшин Алматы тұрғындарының вирусты қайда жиі жұқтыратынын айтты

Бекшин Алматы тұрғындарының вирусты қайда жиі жұқтыратынын айтты

Талдау жүргізу кезінде 6 408 адамның жұмыс орнында ауру жұқтырғаны анықталды, деп атап өтті Алматының бас санитар дәрігері.

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарының коронавирус инфекциясын жұмыс орнында көп жұқтыратынын мәлімдеді.

"Науқастардың 23,3%-і – жастар, 21,1%-і – 30-39 жастағы адамдар. Талдау жүргізу кезінде 6 408 адамның жұмыс орнында ауру жұқтырғаны анықталды", - деді Бекшин.

1948 адам инфекция ошағында науқастармен байланыста болған. Ал 1258 адамның инфекцияны қайдан жұқтырғаны анықталмады. Қала бойынша коронавирус инфекциясының 5 302 ошағы тіркелді, оның ішінде қазір 1 591 инфекция ошағы белсенді болып отыр.

"Байланыста болғандарға үнемі бақылау жүргізіледі, оның ішінде науқастармен жақын байланыста болған 48 032 адам, жұмыс бойынша байланыста болған  22 231 адам бар", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Қазір үй карантинінде отырған 7 265 адам медициналық бақылауға алынған. Сонымен қатар қалада соңғы жеті күн ішінде ауру жұқтыру көрсеткіші 44,3%-ке өсті. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, ақылы негізде өз еркімен коронавирустың бар-жоғын анықтауға жүгінушілер саны 942-ден 1060-қа дейін артқан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде