{metadescription}
Футбол: Қазақстан Ұлттар лигасында алғашқы ойынын Алматыда өткізеді

Футбол: Қазақстан Ұлттар лигасында алғашқы ойынын Алматыда өткізеді

Қазақстан құрамасы футболдан 2020/2021 жылғы Ұлттар лигасындағы өз алаңында болатын алғашқы кездесуін Алматыда өткізеді.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футболшылар алғашқы турда 4 қыркүйекте өз алаңында Беларусьті қабылдайды. Аталған ойын Алматы қаласындағы «Орталық» стадионда болады деп жоспарланып отыр. Ұлттық құрама бұдан бұрын өз ойындарын өткізіп жүрген елордадағы «Астана-арена» стадионында жасанды төсеніш ауыстырылуда. Ол қыркүйек айына дейін дайын болмауы мүмкін.

Қазақстан құрамасы қыркүйек-қараша айларында Ұлттар лигасында С лигасының төртінші тобында Албания, Беларусь және Литвамен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, қазақстандық футболшылар 11 қарашада сырт алаңда Черногориямен кездеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде