{metadescription}
Павлодарда жеті жылқыны аяусыз қағып кеткен

Павлодарда жеті жылқыны аяусыз қағып кеткен

Қызылорда - Павлодар тас жолында жеті жылқыны қағып еткен.

Ауыр жол апаты кеше түнде орын алды. Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 22 шілде күні түнгі 01.30 шамасында Қызылорда - Павлодар автожолымен келе жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісі жылқыларды қағып кеткен. Оның артында келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі де жануарларды басып кеткен. Ауыр соққыдан жылқылардың бірі көлік салонына кіріп кеткен екен. 

Қазірі таңда 30 жастағы Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Құқық қорғау органдары анықтағандай, жылқы иесі Қоянды ауылының тұрғыны болып шықты. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, ЖКО-да зардап шеккен автокөлік иелері материалдық шығынды өтеу үшін аталған мал иесіне азаматтық тәртіппен сотқа беруге құқылы", - деп атап өтті полицияда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.