{metadescription}
Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдай бойынша онлайнға шықты

Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдай бойынша онлайнға шықты

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қаласындағы жағдай туралы шұғыл брифинг өткізуде.

23 шілдеде сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне хабарласқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Қазір қыз ауруханада жатыр. Күдікті қамауға алынды.

«Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», - деді ол.

Сонымен бірге Ерлан Тұрғымбаев халыққа үндеу жолдады.

«Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ол.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде