{metadescription}
Семейде кішкентай қызды құтқарған ер адам суға батып кетті

Семейде кішкентай қызды құтқарған ер адам суға батып кетті

Семейде Ертіс өзенінде баланы құтқармақ болған жігіттің өзі суға кетті.

ТЖБ-ға 23 шілде күні сағат 16:17-де 101 диспетчерге "Холодный ключ" ауданында Ертіс өзеніне жігіттің батып кеткені туралы хабар келді.

"Оқиға орнына Семей қаласының №7 құтқару бөлімшесінің 2 адамнан тұратын жеке құрамы қайықпен барды. Куәгерлердің айтуынша, ең алдымен кішкентай қыз суға батқан, ер адам оған көмекке ұмтылған. Ол қызды құтқарып үлгерген, бірақ өзі батып кеткен. Әуезов полиция бөлімі кезекшісінің айтуынша, белгісіз ер адамның денесін судан оның туыстары шығарып алған", - деп атап өтті ТЖБ-да.

Көз жұмған 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінде отбасымен болған. Сонымен қатар, 101 диспетчер пультіне Бобровка саяжай алқабы ауданында тағы бір адамның суға кеткені туралы хабарланған.

"Полицияның айтуынша, мәйітті екі жас адам шығарып алған", - деді ТЖБ-да.

Баланы құтқармақшы болған ер адам 1980 жылы туған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде