{metadescription}
Атырауда әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды

Атырауда әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды

Оқиға 24 шілдеге қараған түні сағат он екі жарымда қаладағы орталық көпірде болған.

Себебі анықталып жатыр. Атырауда әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды. Ол 24 шілдеге қараған түні сағат он екі жарымда қаладағы орталық көпірге барған. Басылымның хабарлауынша, әйелдің бұл әрекетіне Ұлттық ұлан сарбаздары тосқауыл болды, деп жазады sputniknews.kz.

"Патрульдеу кезінде әскери нарядтың кіші сержанты Еркен Нұрғалиев, қатардағы жауынгерлер Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Құсайынов қараңғыда бала ұстаған әйелді көрген. Ол көпір қоршауында тұрды", - деп хабарлады Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Әскери қызметшілер кезекшіге баяндап, полиция шақырған. Полиция келгенге дейін олар көпірден секірмек болған әйелмен сөйлесіп, оқыс оқиғаның алдын алуға тырысты. Нәтижесінде әскери қызметкерлер әйелді мұндай әрекет жасамауға көндірді. Оның суицидке неге бел буғаны анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде