{metadescription}
7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірі мен елордада ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Қарағанды облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-

батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қаласында 25 шілдеде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей

жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік- батысқа ауысып 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

26-28 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік- батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18-23 м/с, екпіні 30 м/с асады.

Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 25 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл сақталады. Күндіз 40 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және

таңертең кей жерлерде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 75-100.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде