{metadescription}
Балқаш көлінде күнге қыздырынуға тыйым салынды

Балқаш көлінде күнге қыздырынуға тыйым салынды

Балқаш көлінде шомылуға болады, бірақ күнге қыздырынуға болмайды.

Мұндай ақпарат Балқаш қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

"Мобильді топтар жағажайларда рейд өткізді Рейдтер күн сайын өткізіледі. Қосымша түсіндіре  кетейік, 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қала жағажайларына баруға тыйым салынған. Барлық жағажайлар қала аумағында. Демалыс аймағына келушілер шомылып, дереу жағажайдан кетуі тиіс. Балық аулауға, жағажайда қыздырынуға, жағажайда демалуға тыйым салынған. Топ болып жиналуға болмайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, демалыс орындарының иелері санитар дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жазаланатыны атап өтілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде