{metadescription}
Сәтбаевта жоғалған бес жасар қыздың ата-анасы үндеу жолдады

Сәтбаевта жоғалған бес жасар қыздың ата-анасы үндеу жолдады

Сәтбаев қаласында жоғалған 5 жасар қыздың белгісіз ер адамның пәтерінен табылуы қоғам арасында үлкен алаңдаушылық тудырған соң, бүлдіршіннің ата-анасы арнайы үндеу жолдады.

Мұндай мәлімдемені Қазақстанның бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин өзінің Instagram парақшасында жариялады. Айсезімнің ата-анасы ең алдымен Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының жұртшылығына, сын сағатта қол ұшын созғаны үшін барлық адамдарға алғыс білдірген.

"Бірінші кезекте біз – Сүлеймен отбасы, атап айтқанда ата-анасы Өтеубай-Манара өз атымыздан қала жұртшылығы мен еріктілерге қызымызды іздестіруге атсалысып, үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз! Айсезімнің табылуына сіздердің септіктеріңіз тиді. Айсезімге және оның отбасына білдіріп жатқан жылы лебіздеріңіз бен қолдауларыңызға рақмет айтамыз", - дейді ата-ана үндеуінде.

Сондай-ақ, олар қазіргі кезде бүлдіршіннің жағдайы мамандар тарапынан жақсы деп бағаланып жатқанын атап өткен.

"Бізбен психологтар мен арнайы дәрігерлер күнделікті байланыста отыр. Сондай-ақ біз ҚР бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен @aruzhan_sain де тығыз байланыстамыз. Ол өз тарапынан қажетті мамандар мен реабилитациялық емханаларды табуға, сондай-ақ адвокат пен құқықтық қорғауды ұйымдастыруға көмегін тигізіп жатыр", - деп жазады.

Айсезімнің ата-анасы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-іне перзенттерін реабилитациядан өткізуге жұмсалатын шығындардың бәрін өтеуге шешім қабылдағаны үшін ерекше алғыс білдіреді.

"Біздің отбасысыздың қаржылай көмекке мұқтаждығы жоқ, барлық психологиялық және қаржылай шығынды "Қазақмыс" өтеуге уәде берді. Тағы бір айтарымыз: қызымыздың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратуды, оқиғаға қатысты түрлі пікірлер мен жалған ақпараттарды таратуды доғаруларыңызды сұраймыз. Біз болған оқиғаны тезірек ұмытқымыз келеді. Үлкен өтініш: қаржылай қор ұйымдастыруды, түрлі жиын өткізуді тоқтатыңыздаршы! Біздің басымызға түскен қайғы басқа келеңсіз оқиғалардың себебі болуын қаламаймыз. Мұның бәрі біздің отбасы үшін ауыр соққы әрі сол қайғылы күнді ойымызға сала береді. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз!", - дейді олар.

24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында тәртіпсіздіктер басталды. Оған жоғалған 5 жасар қыздың белгісіз ер адамның пәтерінен табылуы себеп болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.