{metadescription}
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін маска жасады

Ғалымдар коронавирусты өлтіретін маска жасады

Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады.

Лиссабон молекулалық медицина институты COVID-19 коронавирусын бейтараптандыруға қабілетті алғашқы қорғаныс маскасын әзірлеп шыққанын жариялады, деп жазады La Razón газеті. Ол бірнеше су өткізбейтін қабат пен арнайы жабындысы бар инновациялық матаның арқасында жасалған. Сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер масканы коронавирус молекулалары бар ерітіндіге батырған. Артынша олардың 99 пайызы бір сағаттан кейін қасиеттерін жоғалтқан.

Масканың матаға түскен SARS-CoV-2 вирусын бейтараптандыратын инновациялық жабыны бар. Ғалымдардың айтуынша, масканы бірнеше рет қолдануға болады. Ол  мата 50 рет жуылғаннан кейін де өз қалпында сақталады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде