{metadescription}
Жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды

Жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды

Швейцариядағы Альпі тауларында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты.

Қайғылы жағдай Вале кантонында, теңіз деңгейінен шамамен 3 мың метр биіктікте болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Бортта Швейцария мен Аустрия азаматтары болғаны белгілі. Көліктің жерге құлауы салдарынан барлығы мерт болған.

Осыған ұқсас оқиға сенбі күні Германияда да болды. Везель қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жері) жеңіл ұшақ тұрғын үйдің шатырына соғысып, өртеніп, жерге құлаған. Салдарынан үш адам көз жұмып, тағы біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, апатқа көрінудің нашарлығы себеп болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде