{metadescription}
Миллионер атанған ер адам 28 жыл бұрынғы уәдесін орындап ақшаның жартысын қайтарып берді

Миллионер атанған ер адам 28 жыл бұрынғы уәдесін орындап ақшаның жартысын қайтарып берді

Америкада Висконсин штатының Меномоне қаласының тұрғыны 28 жыл бұрын жасалған келісімді есіне алып, өзінің үлкен лотерея ұтысының жартысын беріп, сөзіне деген адалдығын дәлелдеді. 

Томас Кук лотерея билетін сатып алып, 22 миллион доллар (9 млрд теңге) тұратын джекпотты ұтты. Жеңісі туралы білгенде, ол 1992 жылы досы Джозеф Финимен (Джозеф Фини) жасаған келісімін бірден есіне алды. Олар егер олардың бірі лотереяда джекпотты ұтса, ұтыстарды екіге бөлуге келіскен екен.

"Ол маған хабарласқанда "Мені мазақ етіп тұрсың ба?" дедім", дейді Фини жаңалықтарды естігендегі әсерімен бөлісіп.

 Кук пен Фини бірнеше жыл бойы бөліп-бөліп алса, сыйлыққа толыққанды ие бола алар еді, бірақ олар барлық ақшаны бірден алғысы келгендіктен, салығын төлеген соң 5,7 миллион доллардан бөліп алған. Куктың айтуынша, ақша оны жұмыстан кетіуне шабыт берген. Қазір зейнетке шыққан ол және досы Фини енді отбасыларымен көбірек уақыт өткізе алады.

"Біз қалаған нәрсемен айналыса аламыз. Мен зейнетке шығудың бұдан асқан ең жақсы жолын елестете алмадым", - деді Кук.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде