{metadescription}
Еліміздің бірнеше өңірде aуа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірде aуа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында және 6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

27 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай соғады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градус ыстық болады.

Павлодар облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 20 м/с жетеді

Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде