{metadescription}
Қазақстандық боксшы салмағы ауыр қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы салмағы ауыр қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде ауыр салмақтағы қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Алты раундық бәсекеде Нұрсұлтанға босниялық Дражан Яньянин (20-30, 17 КО) қарсы тұрды. Д.Яньяниннің салмағы 129 кг болса, 27 жастағы Н.Аманжолов небәрі 111 келі еді. 31 жастағы босниялық боксшының тәжірибесі де молырақ еді, бұған дейін ол 50 кездесу өткізіп үлгерген-ді.

Дегенмен төртбақ денелі Дражанға қарағанда, Нұрсұлтанның бойы да, қолы да ұзын еді. Сол артықшылықтарын сәтті пайдаланып, қарсыласының алдын орап кетіп отырды. Ақыры екінші раундтан кейін босниялық спортшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Н.Аманжолов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде