{metadescription}
Талғар ауданының әкімі пневмониядан қайтыс болды

Талғар ауданының әкімі пневмониядан қайтыс болды

Қырық бір жастағы аудан әкімі 27 шілде күні таңертең өмірден өтті, марқұмның артында төрт баласы қалды. 

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров қайтыс болды.

"Бүгін таңертең аудан әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Жолан Ыбырайақынұлы 1979 жылы туған. Туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп хабарлады аудан әкімдігіндегілер.

Жолан Омаровтың артында жұбайы мен төрт баласы қалды.

Біздің Telegram парақшамыздан соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліңіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде