{metadescription}
Қазақстанда пандемияға байланысты телеарна жабылды

Қазақстанда пандемияға байланысты телеарна жабылды

Tamasha TV телеарнасы 27 шілдеден бастап жабылады.

Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мәлімдеді.

«Жаһандық пандемия бұқаралық ақпарат құралдарына кері әсер етіп жатыр. Қазақстандық телевизия нарығында жарнама арқылы келетін табыс күрт төмендеді. Келесі жылға болжам да қанағаттандырылмай отыр. Осы уақытқа дейін Tamasha TV жарнамадан келетін табыстар арқылы қаржыландырылған еді», - деп жазылған баспасөз релизінде.

Tamasha TV ойын-сауық телеарнасы болды. Ол 2018 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған. Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде