{metadescription}
Ұшаққа жай түсіп, апатты жағдайда қонды

Ұшаққа жай түсіп, апатты жағдайда қонды

Фюзеляжына жай түскен Cargo Airlines компаниясының жүк ұшағы Токиодағы Нарита әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болған. Боинг 747 Наритадан Аляскадағы Американың Анкоридж қаласына бет алған. Ұшқаннан кейін шамамен 20 минут өткенде 6700 м биіктікте ұшақты найзағай соққан.

Ұшқыштар кері қайтуға шешім қабылдаған. Оқиға салдарынан экипаждың бес мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта мехаиктер ұшақтың зақымдалған бөлігін тексеруде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде