{metadescription}
Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды

Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды

Сәтбаев қаласының соты педофил деген күдікпен ұсталған азаматты қамауға алу туралы санкция шығарды.

Бала ұрлау және зорлауға қатысты күдікті қылмыстық іс тергелгенге дейін екі ай қамауда болады.

"Сәтбаев қалалық соты 26 шілдеде екі ай мерзімге дейін қамауға алу шарасы туралы сот санкциясын шығарды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотындағылар.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтбаев полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғанын айтып, арызданған болатын. Бала түнде көпқабатты үйлердің бірінен табылды. Бұл шаһарда үлкен шу туғызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде