{metadescription}
Коронавирусқа қарсы күрес шараларына қанша қаражат бөлінді?

Коронавирусқа қарсы күрес шараларына қанша қаражат бөлінді?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов жалпы коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

"Жалпы коронавирусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінді. Халыққа көмек көрсету бойынша 630 жеткізушімен келісімшарт жасалды, оның ішінде, стационарда емделуге, медициналық көмек көрсетуге 13,4 миллиард теңге, медицина қызметкерлеріне үстем ақы төлеу үшін - 38,1 миллиард теңге, ПТР-диагностикаға - 5,2 миллиард теңге бөлінді", - дейді Төкежанов ОКҚ онлайн-брифингінде. 

Болат Төкежанов қордан маусымның соңына қарай жеткізушілер мен медицина қызметкерлеріне ерекше жағдайларда жұмыс істегені үшін 44 миллиард теңге төленгенін, ол бөлінген соманың 75 пайыздан астамы екенін айтты.

"Жедел медициналық көмек тарифінің құрылымында ЖҚҚ құны орта есеппен 40 пайызға өсті. Науқастар үшін стационардағы және амбулаториялық деңгейде емдеу-диагностика коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарға ақысыз негізде ұсынылады", - деп толықтырды қор жетекшісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде