{metadescription}
Алматының кіреберісіне посттар қойылады

Алматының кіреберісіне посттар қойылады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин биыл Құрбан айт мерекесін өткізу ережелерін айқындайтын жаңа қаулыға қол қойды.

Құрбан айт қарсаңында қала аумағына жануарларды алып келуді болдырмау үшін Алматы қаласының кіреберістерінде бекеттер ұйымдастырылады. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігерінің 24 шілдеде қабылданған қаулысында айтылды.

"Бұрынғыдай блок бекеттер қойылмайды, бірақ қалаға кіретін көліктер тексеріледі", - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 31 шілде – 2 тамыз аралығында Алматы қаласындағы мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысы тоқтайды. Сонымен қатар қала аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тыйым салынады. 

"Алматыдағы барлық ұйымдар, соның ішінде жеке үйлерде адам көп жиналатын шара өткізуге болмайды", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

2020 жылы Құрбан айт 31 шілде-2 тамыз аралығына түсіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде