{metadescription}
Маңғыстауда жол бойынан ер адамның денесі табылды

Маңғыстауда жол бойынан ер адамның денесі табылды

Бекет ата жерасты мешітінен 40 шақырым қашықтықтан 30 бен 40 жас аралығындағы белгісіз ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомстваның хабарлауынша, 28 шілде күні 102- қызметіне ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Қарақия ауданының жедел тергеу тобы жіберілген.

«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлімі» бабы бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде