Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.
17:09 30.07.2020
"Мемлекет басшысының өкімімен Нүсіпова Әсем Бекқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ботагөз Жақселекова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған болатын.
Әсем Нүсіпова 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2008-2016 жж. - "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.
Бұған дейін ол премьер-министр Кеңсесінің шоғырландырылған талдау бөлімін басқарған, сонымен бірге премьер-министрдің кеңесшісі, қаржы министрінің кеңесшісі болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!