Ақтөбеде екі ер адам суға батып кетті
Ақтөбеде белгіленбеген жерге суға түскен екі адам өзенге батып кетті.
17:29 02.08.2020
Бірі Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болды. Энергетик бау-бақша ұжымы маңындағы Елек өзеніне түскен Ақтөбе қаласының тұрғыны судан шықпай қалған.
«Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам және үш техника жіберілді. Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде суға шомылған. Жанында үш адам болған. Құтқарушылар оның мәйітін үш сағаттан соң 3 метр тереңдіктен алып шықты», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінің шомылған ер адам да суға батып кетті. Ол да белгіленбеген жерге барып, мас күйінде шомылған. Құтқарушылар оның денесін 3,5 метр тереңдіктен тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!