Ресейлік қазақтар мен шешен бірлестігі Қазақстанға көмек жіберді
Жаңа коронавирустың таралуымен күресу үшін Жолдастық атты Астрахань облыстық қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымы мен Қазақ мәдениетін дамыту қоры өкілдері тоннадан астам медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алып, Атырау облысына жіберді.
10:40 06.08.2020
Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайтында айтылған. 20 мың медициналық маска, 500 литр дезинфекциялық құрал, 1000 инфузиялық жүйелер, 1000 медициналық таңғыш, 300 қорғаныс костюмдері, памперстер, С дәрумені және басқалары Атырау ковид ауруханасына жіберілді, деп жазады stan.kz.
«Біз бауырлас Қазақстан Республикасының халқына гуманитарлық көмек жинауға бірнеше апта бұрын кірісіп кеттік, осылайша «Жолдастық» қоғамының белсенділері мен мүшелері біздің губернатор Игорь Бабушкиннің ұсынысын қолдап жақын көршіміз - Атырау облысына жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұруға көмектесу туралы шешімін қолдады. Таяу уақытта республикадағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанатынына және бәріміз өмірдің әдеттегі ырғағына оралатынымызға сенімдімін. Мен осы жүктің қалыптасуына атсалысқандардың барлығына - Жолдастық қоғамының белсенділері, кәсіпкерлерге, серіктестерге және бейжай қарамайтын азаматтарға, барлық қазақстандықтар үшін қиын сәтте қасында болғандардың бәріне алғыс», - деді «Жолдастық» қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Қандықов.
«Мен Астрахань облысы шешендер қауымдастығы мүшелерінің және Астрахандағы шешен республикасы басшысының өкілетті өкілінің акцияға қатысқаны туралы ерекше атап өткім келеді», - деп қосты ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!