Қазақстанда 9584 адам пневмониямен ауырып жатыр
Қазақстанда 9584 адам пневмониямен ауырып жатыр.
13:01 06.08.2020
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың 1 тамызынан бастап, бүгінге дейін пневмониямен науқастанғандар саны 9584 адамды құрап отыр. Осы аурудан қайтыс болғандар 102 адамды құрап отыр, деп жазады ҚазАқпарат.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.
Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!