ШҚО-да ер адам көлге батып кетті
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері суға батып кеткендер саны 30 адамға жетті.
09:35 09.08.2020
«Бүгін кешкісін сағат 19:00-дер шамасында Дубыгалинское көлінде тұрғындар 1952 жылы туған ер адамның денесін судан шығарып алды. Ер адам шомылуға кетіп, содан қайтып оралмаған. Ол рұқсат етілмеген жерге суға түскен», - деп түсіндірді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Статистика мәліметтеріне қарағанда, суға көбіне ер адамдар батып кетіп жатады. Оның басты үш себебі бар: біріншісі, рұсат етілмеген жерге шомылу, спиртті ішімдік ішіп, суға түсу және өз күшін дұрыс бағалай алмау.
«Облыс тұрғындарына айтарымыз, шомылған кезде абай болу керек. Тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті, ал жар шетінен суға секіру одан да қауіпті. Суға түскенде жағалаудан тым қашық кетпеу керек, өйткені суға батып кететіндердің көбі өздерін мықты жүзгіш санайтындар. Суық суға ұзақ түспеңіздер. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар, тіпті су таяз болса да», - дейді құтқарушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!