Ұлттық банк инвестициялық монеталарды айналымға шығарды
Ұлттық банк «Altyn barys» және «Kúmis barys» инвестициялық монеталарды айналымға шығарады.
13:03 17.08.2020
17 тамызда Қазақстан Ұлттық банкі инвестициялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті. 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік номиналдардағы монеталар алтыннан, ал 1, 2, 5 және 10 теңгелік күмістен жасалған. Инвестициялық монеталар – 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтын және күміс монеталар.
Бүгінгі таңда инвестициялық монеталардың бірнеше ірі брендтері бар – «Крюгерранд» (Оңтүстік Африка), «Америкалық бүркіт» (АҚШ), «Вена филармониясы» (Австрия), «Панда» (Қытай), «Үйеңкі жапырағы» (Канада).
Қазақстанның алғашқы инвестициялық «ЖІБЕК ЖОЛЫ» монеталары 1996 жылы айналысқа шығарылды. 2009 жылдан бастап дизайнының өзгеруіне байланысты түрлі салмақ сипаттамалары бар «ALTYN BARYS» және «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталары шығарыла бастады.
Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:
–шектелмеген таралымдар;
–«proof» технологиясын қолданбай дайындау;
–монета жасалған металдың құны мен салмағына байланысты кіріс алу;
–Ұлттық банк сату және сатып алу ережелеріне сәйкес сатып алу монетадағы металдың салмағы бойынша есептелетіндіктен жағдайына (сызаттар, патина және т.б.) қарамастан кері сатып алуға қабылдайды;
–қосылған құнына салық салынбайды.
Алтын мен күмістен жасалған барлық номиналдардағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!